Алматыда Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіл-дері азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді

2020 жылғы 24 қыркүйегінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) және «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының өкілдері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың азаматтық сектор өкілдерімен кездесуіне қатысты.

Кездесуге «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының төрағасы Елюбаев Жумагельды Сакенович, «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы төрағасының орынбасары Койшибаева Айгерим Женисовна және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ бағдарламаларының координаторы Ойратова Аяжан Куанышевна қатысты.

Кездесу барысында Агенттік басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамадағы соңғы өзгерістерге шолу жасады, оның ішінде: саяси мемлекеттік қызметшілердің бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін қызметтен шығуы, бірінші басшылардың тиянақсыз алдын алу жұмысы үшін жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі. Сонымен  қатар, қазіргі уақытта Парламент палаталары келесі мәселелерді қарастыруда: квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін құру, сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілерін кеңейту, сыйлықтар беруге толық тыйым салу және т. б. (жақын туыстардың бірлескен жұмысына шектеу қою, квазимемлекеттік сектор басшыларының әкімшілік жауапкершілігін енгізу). Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттардың болуына және құндылықтардың сақталуына тыйым салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды имплементациялау бойынша сұрақтар әлі талқылануда.

Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі де көтерілген болатын. Оған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту, жазаның белгілі бір бөлігі аяқталғаннан кейін ғана қоныс-колонияларда жазаны өтеу мүмкіндігі және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін ірі айыппұлдарды алып тастау кіреді.

Жумагельды Сакенович Агенттік төрағасына Siemens Integrity Initiative жаһандық бастамасы шеңберінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамытудың және іскерлік адалдықты арттырудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру» жобасын таныстырды. Жоба Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы тарапынан қолдау алды. Жоба шеңберінде Агенттікпен бизнес секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының  (OECD) сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ыстамбұл іс-қимыл жоспары шеңберінде балама есептерді дайындау бойынша тығыз жұмыс жоспарланған.

Алматыда Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіл-дері азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді

2020 жылғы 24 қыркүйегінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) және «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының өкілдері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Read More »

Бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қазақстанның іскерлік парасаттылығы

Осы шолу Siemens Integrity Initiative қолдауымен Құқықтық Саясатты Зерттеу Орталығымен (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты

Read More »

ЭЫДҰ (OECD) стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік ар-ұяттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру

Siemens компаниясы сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күрес жүргізетін ұйымдарға ұжымдық іс-қимыл жасау, білім беру және оқыту арқылы қолдау көрсететін, құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын

Read More »

Онлайн-курсқа шақыру

Қайырлы күн! Біз сіздерді «Бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн курсына қуана шақырамыз. Бұл курс Қазақстан компания басшыларына, комплаенс офицерлері мен заңгерлеріне пайдалы болмақ. Курс

Read More »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектептері туралы жиынтық ақпарат

2021-2023 жылдар аралығындағы кезеңде Siemens Integrity Initiative қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына

Read More »

2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші жазғы мектебі туралы

2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебі туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі 2023 жылдың наурыз және тамыз

Read More »
Ask ChatGPT
Set ChatGPT API key
Find your Secret API key in your ChatGPT User settings and paste it here to connect ChatGPT with your Tutor LMS website.