Қайырлы күн! Біз сіздерді «Бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн курсына қуана шақырамыз.
Бұл курс Қазақстан компания басшыларына, комплаенс офицерлері мен заңгерлеріне пайдалы болмақ.
Курс тегін және қазақ, орыс тілдерінде қолжетімді.
Халықаралық және ұлттық сарапшылардан ұйымда тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені қалай құру керектігі және оны жүзеге асыру үшін практикалық дағдылар туралы өзекті білікті білім алыңыз.
Курс үш модульден және 15 сабақтан тұрады, сіз өзіңізге ыңғайлы қарқынмен және қалаған жерде оқи аласыз. Курсты аяқтағаннан кейін сізге сертификат табысталады.
1️⃣ “Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі білім” атты бірінші модульде сіз сыбайлас жемқорлықтың не екенін және қоғам мен бизнес үшін қандай зиян келтіретінін білесіз және сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының себептерін түсінесіз. Сондай-ақ, сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттармен және ұлттық заңнамамен танысасыз.
2️⃣ “Квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс” атты екінші модульде квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кешені, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-жүйенің міндеттері, функциялары мен құзыреттері және ондағы басшылықтың рөлі қарастырылады. Оның ішінде сіз ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды, мүдделер қақтығысын басқаруды, серіктестер мен контрагенттерді тексеруді және демеушілік пен сыйлықтарға қатысты саясатты енгізуді үйренесіз.
3️⃣ “Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік” курсының үшінші модулі сыбайлас жемқорлық оқиғаларын ішкі тергеп-тексеруді және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін – тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық түрлерін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік мәселелеріне арналған.
Сіз барлық қажетті ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыз және онлайн курсқа жазыла аласыз:
Онлайн-курс Siemens Integrity Initiative қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) серіктестігімен «Kazakhstan Bar Association» Заң Консультанттары Палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты арттыру және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі,құрылымдық және тиімді саясатын іске асыру» жобасы шеңберінде дайындалған.