ЭЫДҰ (OECD) стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік ар-ұяттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру

Siemens компаниясы сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күрес жүргізетін ұйымдарға ұжымдық іс-қимыл жасау, білім беру және оқыту арқылы қолдау көрсететін, құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын Siemens Integrity Initiative жаһандық бастамасын іске қосты.

Осы бастаманың шеңберінде «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC) ынтымақтаса отырып, «ЭЫДҰ (OECD) стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік ар-ұяттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру» атты жобаны іске асыруға 800 000 АҚШ долларын алды.

Бұл жоба таза бизнес стандарттарын және сәйкестік мәдениетін енгізу және дамыту арқылы Қазақстанның іскерлік секторында адалдықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған.

Жоба аясындағы қызметте 2 мақсатқа қол жеткізілмек: (1) Қазақстан Республикасының Үкіметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының кейбір ережелеріне енгізуге ынталандыру арқылы қолайлы құқықтық ортаны құру (заңға өзгертулер енгізу) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық міндеттемелерді (ұсынымдарды) іске асыру; (2) Корпоративтік және академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды және адал бизнес (compliance) практикасын алға бастыру.

Іс-шаралар аясында заңнамаға өзгертулер енгізу, пилоттық салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен ішкі бақылау жүйесін, этика мен compliance жүйесін ендіру көзделген. Сонымен қатар, корпоративтік сектордың, мемлекеттік басқарудың, ғылыми орта мен студенттердің 1000 өкілі үшін онлайн және оффлайн оқыту, соның ішінде Жазғы мектепте оқу өткізу жоспарланып отыр. Кем дегенде 10 университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және нормативтік талаптарды сақтау тақырыптары бойынша заң факультеттерінің студенттеріне арнап жаңартылған курстар енгізіледі деп күтілуде.

Осы жобаның нәтижесінде пилоттық сектордағы компаниялардың 40%-ы жоба ұсынған толық әрі жоғары сапалы compliance жүйесін ендіреді және белсенді түрде қолданады деп күтілуде. Елдегі аса ірі коммерциялық холдингтер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы compliance жүйелерін алға бастыруға қатысады және жоба шеңберінде коммерциялық секторда compliance практикасын кеңінен ендіруге ықпал етеді.

Алматыда Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіл-дері азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді

2020 жылғы 24 қыркүйегінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) және «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының өкілдері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Read More »

Бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қазақстанның іскерлік парасаттылығы

Осы шолу Siemens Integrity Initiative қолдауымен Құқықтық Саясатты Зерттеу Орталығымен (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты

Read More »

ЭЫДҰ (OECD) стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік ар-ұяттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру

Siemens компаниясы сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күрес жүргізетін ұйымдарға ұжымдық іс-қимыл жасау, білім беру және оқыту арқылы қолдау көрсететін, құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын

Read More »

Онлайн-курсқа шақыру

Қайырлы күн! Біз сіздерді «Бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн курсына қуана шақырамыз. Бұл курс Қазақстан компания басшыларына, комплаенс офицерлері мен заңгерлеріне пайдалы болмақ. Курс

Read More »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектептері туралы жиынтық ақпарат

2021-2023 жылдар аралығындағы кезеңде Siemens Integrity Initiative қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына

Read More »

2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші жазғы мектебі туралы

2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебі туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі 2023 жылдың наурыз және тамыз

Read More »
Ask ChatGPT
Set ChatGPT API key
Find your Secret API key in your ChatGPT User settings and paste it here to connect ChatGPT with your Tutor LMS website.