Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің бірінші мектебі 2021 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті. Іс-шара 150-ден астам қатысушыны жинап, оларға әртүрлі қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін білім мен құралдар берді.
1. Мемлекеттік билік өкілдеріне арналған онлайн-мектеп (2021 ж. 15-17 қыркүйек)
Мектепке орталық және жергілікті билік органдарының 53 өкілі, оның ішінде әдеп жөніндегі комиссарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар мен мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты. Қатысушылардың 28%- ы әйелдер болды.
Мектепте мынадай мәселелер қаралды: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және басқару; 2) тәуекелдерді бағалау және басқару процесін ұйымдастыру; 3) мемлекеттік қызметшілердің мүлкі мен кірістері туралы декларация; 4) мүдделер қақтығысын басқару; 5) мемлекеттік қызметтегі әдеп; 6) мемлекеттік сектордағы адалдықты арттыру жөніндегі жүйелі шаралар.
36 қатысушы мектепті бітіргені туралы сертификат алды. Мемлекеттік сектор мамандары арасындағы байланыс үшін WhatsApp чаты құрылды.
2. Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған онлайн-мектеп (2021 ж. 22-24 қыркүйек)
Мектепке қазақстандық 11 жоғарғы оқу орнынпан 39 студент қатысты. Қатысушылардың 69% – ы әйелдер болды.
Мектеп шеңберінде мынадай мәселелер қаралды: 1) сыбайлас жемқорлық дегеніміз не; түрлері, нысандары мен теориялары; 2) сыбайлас жемқорлықтың бағасы және оның қоғамға, экономикаға және біздің өмірімізге зиянды әсері; 3) сыбайлас жемқорлықпен қалай тиімді күресуге болады; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әдістері мен құралдары; 5) түрлі елдердің үздік тәжірибелері; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдері; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы коммерциялық салалардағы ұжымдық іс-әрекеттер.
Барлық 39 қатысушыға курсты аяқтағаны туралы сертификат табысталды.
3. Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған онлайн-мектеп (2021 ж. 27-29 қыркүйек)
Мектепке қазақстандық 21 жоғарғы оқу орнынан 30 оқытушы қатысты. Қатысушылардың 66% әйелдер болды
Мектеп шеңберінде: 1) жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына комплаенсті енгізу перспективалары; 2) жаңа кәсіптің перспективалары; 3) сәйкестік түрлері; 4) комплаенс курсын құрудың негізгі аспектілері; 5) комплаенс-офицер бейіні; 6) Комплаенс-бағдарламаның элементтері жаңа оқу курстары мен пәндердің негізі ретінде; 7) арнайы оқыту бағдарламаларын жасау тәжірибесі; 8) білім беру курсын құру (бизнес, магистратура, бакалавриат үшін).
26 қатысушы оны аяқтағаны туралы сертификат алды. Университет оқытушылары арасындағы қарым-қатынас үшін WhatsApp чаты құрылды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу бағдарламаларын дайындау мәселелері бойынша тұрақты байланыс арнасы ретінде жұмыс істейді.
4. Бизнес өкілдеріне арналған онлайн-мектеп (2021 ж. 3 – 5 қараша)
Мектепке жергілікті компаниялардың 35 өкілі қатысты. Оның ішінде 15 әйел (қатысушылардың 43%).
Мектеп аясында мынадай тақырыптар қарастырылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама: ыңғайсыз сұрақтар немесе не сұрағым келеді; комплаенс-бағдарламалардың тиімділігі және оны қалай анықтауға болатыны; контрагентті бағалау тәсілдері (тәуекел матрицасы, сауалнама).
Мектептің 32 белсенді қатысушысы оны аяқтағаны туралы сертификат алды. Қатысушылар WhatsApp чатын құрды, ол мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша қарым-қатынас жасау үшін тұрақты арна ретінде жұмыс істейді.