Siemens компаниясы сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күрес жүргізетін ұйымдарға ұжымдық іс-қимыл жасау, білім беру және оқыту арқылы қолдау көрсететін, құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын Siemens Integrity Initiative жаһандық бастамасын іске қосты.
Осы бастаманың шеңберінде «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC) ынтымақтаса отырып, «ЭЫДҰ (OECD) стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік ар-ұяттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру» атты жобаны іске асыруға 800 000 АҚШ долларын алды.
Бұл жоба таза бизнес стандарттарын және сәйкестік мәдениетін енгізу және дамыту арқылы Қазақстанның іскерлік секторында адалдықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған.
Жоба аясындағы қызметте 2 мақсатқа қол жеткізілмек:
Іс-шаралар аясында заңнамаға өзгертулер енгізу, пилоттық салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен ішкі бақылау жүйесін, этика мен compliance жүйесін ендіру көзделген. Сонымен қатар, корпоративтік сектордың, мемлекеттік басқарудың, ғылыми орта мен студенттердің 1000 өкілі үшін онлайн және оффлайн оқыту, соның ішінде Жазғы мектепте оқу өткізу жоспарланып отыр. Кем дегенде 10 университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және нормативтік талаптарды сақтау тақырыптары бойынша заң факультеттерінің студенттеріне арнап жаңартылған курстар енгізіледі деп күтілуде.
Осы жобаның нәтижесінде пилоттық сектордағы компаниялардың 40%-ы жоба ұсынған толық әрі жоғары сапалы compliance жүйесін ендіреді және белсенді түрде қолданады деп күтілуде. Елдегі аса ірі коммерциялық холдингтер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы compliance жүйелерін алға бастыруға қатысады және жоба шеңберінде коммерциялық секторда compliance практикасын кеңінен ендіруге ықпал етеді.