2021-2023 жылдар аралығындағы кезеңде Siemens Integrity Initiative қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) ынтымақтастықта «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты арттыру және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдық және тиімді саясатын іске асыру» жобасы шеңберінде бизнес, мемлекеттік органдар өкілдері, қазақстандық университеттердің оқытушылары мен студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төрт мектебі ұйымдастырылып, өткізілді.
Онлайн және офлайн іс-шаралар шеңберінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті стандарттармен жақынырақ танысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің озық әдістерін зерделеді және өз жұмысына этикалық қағидаттарды енгізу жолдарын зерттеді.
Халықаралық және ұлттық сарапшылар өз білімдерімен бөлісіп, мектептерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте білім алу және тәжірибе алмасу үшін шынымен құнды алаңға айналдырды.
Мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнесмендер, университет оқытушылары мен студенттер – сапалы білім алған мектеп қатысушылары. Мектептер кезінде зерттелген тақырыптар ауқымы кең: тиімді комплаенс қызметін ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару, мүдделер қақтығысы, ұйымдар мен жоғары оқу орындарында этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды ұйымдастыру, офицердің комплаенс функционалы, халықаралық стандарттарды енгізу және ұлттық заңнаманы тиісінше сақтау.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы nөрт мектеп Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды нығайту үшін қажетті білімі бар 705 сертификатталған түлек шығарды. Айта кету керек, олардың 46%-ы осы іс-шараларға белсенді қатысқан әйелдер. Қатысушылар ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және ілгерілету мәселелері бойынша байланыста болу және ақпарат алмасу үшін WhatsApp байланыс арналарына қосылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептердің әрқайсысы туралы толығырақ төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыз:
Бірінші мектеп
Екінші мектеп
Үшінші мектеп
Төртінші мектеп